420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда бетперде тағып жүру міндеттелді

  • 93
  • UPD: 08:50, 11.09.2020
Түркияда бетперде тағып жүру міндеттелді фото: m24.ru

Түркияда бетперде тағып жүруге қатысты тәртіп қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа шешімге сәйкес енді адамдар бетпердені барлық қоғамдық орындармен бірге көше, саябақ және жағажайларда да тағып жүруі міндетті. Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтану орындары мен қонақ үйлерде түнгі 00:00-ден кейін ойын-сауық шараларын өткізуге тыйым салынды. Бетпердені тақпай, әлеуметтік арақашықтықты бұзғандарға айыппұл салынбақ. Айта кетейік, Түркияда індет таралағалы дертке 284 мыңнан астам адам шалдыққан. Соңғы уақытта вирусты жұқтырғандар қарасы қайта өскен.

Хабар 24 телеарнасы