426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джакартада шектеу шаралары қайта қатаңдатылады

  • 138
  • UPD: 08:59, 11.09.2020
Джакартада шектеу шаралары қайта қатаңдатылады фото: ria.ru

Индонезия астанасында індеттің өршуіне байланысты келесі аптадан бастап шектеу шаралары қайта қатаңдтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік сәуірден маусым айына дейін қолданылған барлық әлеуметтік-экономикалық шектеуді қайта енгізетінін жариялады. Көптеген кәсіпорын қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшіреді. Мейрамханалар мен дәмханалар адамдарға тағамдарды өзімен бірге алып кету жүйесі бойынша ғана жұмыс істейді. Ал ресми дерекке қарағанда, Джакартада вирусты жұқтырғандардың саны 43 мыңнан асқан. Дерттен 1 мыңнан астам науқас көз жұмған.

Сумаиди, жергілікті тұрғын:

Жағдай өте ауыр. Сау жүрген адамның аяқ астынан ауырып қалғанын естисің. Ал ауруханаға барайын десе, орын жоқ. Бұл өте алаңдатарлық жағдай.

Хабар 24 телеарнасы