424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда африкалық доңыз обасы тіркелді

  • 111
  • UPD: 09:05, 11.09.2020
Германияда африкалық доңыз обасы тіркелді фото: agroexpert.md

Бұл туралы осы елдің Ауыл шаруашылығы министрі Юлия Клекнер мәлімдеді.

Ауру Берлин өңіріндегі Бранденбург мекеніндегі жабайы қабаннан шыққан. Жалпы Африкада пайда болған доңыз обасы Азия мен Еуропа құрлығына өткен ғасырдың ортасында тараған. Бірақ оның адамға еш қауіпі жоқ. Ал дертке шалдыққан жануар көп өмір сүрмейді. Оған қарсы әлі вакцина табылмаған. Өткен тамыз айының бас кезінде африкалық доңыз обасы Болгария, Румыния, Литва, Польша және Украинада таралып, Еуроодақ індетпен күреске 3 миллион еуроға жуық қаржы бөлген еді.

Хабар 24 телеарнасы