420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Ауғанстан мен Ирактағы америкалық сарбаздардың санын қысқартпақ

  • 97
  • UPD: 09:35, 11.09.2020
Трамп Ауғанстан мен Ирактағы америкалық сарбаздардың санын қысқартпақ фото: ren.tv

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстан мен Иракта америкалық сарбаздардың санын қысқартатынын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, ауған жерінде жүрген қарулы күштің қатары 4 мыңға дейін азаятын болады. Ал, Ирактағы жасақтар саны 2 мыңға дейін сирейді. Жақын арада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Катар астанасы Дохаға барып, осы мәселе аясында бейбіт келіссөздер өткізбек ниетте.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео Доха қаласына барып, бейбіт келіссөздер жүргізетін болады. Жалпы екі жақ келіссөздерінің басталғанына біраз уақыт болды. Олармен арадағы қарым-қатынасымыз да жаман емес. Ауғанстан билігімен бірлесе істеген жұмысымыздың нәтижесі көңіл көншітеді. Ақпан айынан бері ауған жерінде жүрген бірде-бір әскери қаза тапқан жоқ. Бұл жақсы жетістік.

Хабар 24 телеарнасы