420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ассанж АҚШ-қа қашан жөнелтіледі?

  • 80
  • UPD: 10:10, 11.09.2020
Ассанж АҚШ-қа қашан жөнелтіледі?

Лондонда сот WikiLeaks сайтының негізін қалаушы, журналист Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісін тағы кейінге шегерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы сотты тоқтатуға бір адвокаттың коронавирусты жұқтырып алуы себеп болған. Осылайша, ақпанда басталып, індетке байланысты бірнеше рет ұзартылған отырыс тағы кейінге шегерілді. Ал, АҚШ билігі «Ассанж 2010-2011 жылдары үкіметтің компьютерлерін бұзып, құпия құжаттарды жария етті», деп айыптап отыр. Вашингтон «49 жастағы журналист мәліметтерді түпнұсқада жариялап, Ирак, Иран және Ауғанстанда көптеген адамның өміріне қауіп төндірді», - дейді. Ассанждың өзі айыптардың саяси астары барын айтады.

Хабар 24 телеарнасы