426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit: Ұлыбритания халықаралық құқыққа қайшы келетін заң жобасын ұсынды

  • 125
  • UPD: 10:29, 11.09.2020
Brexit: Ұлыбритания халықаралық құқыққа қайшы келетін заң жобасын ұсынды фото: lv.baltnews.com

Ұлыбритания үкіметі Brexit бойынша кей баптары халықаралық құқыққа қайшы келетін заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл құжат Еуроодақ басшылығымен қатар Уэльс пен Шотландияның да наразылығын тудырды. Ұлыбритания құрамындағы осы өңірлер «Лондон елдегі билікті орталықтандыруға тырысып отыр», дейді. Ал, Еуроодақ басшылығы жаңа заң қос тарап бекіткен Brexit бойынша келісімді, атап айтқанда, Солтүстік Ирландия мәртебесі жөніндегі хаттамаға қайшы келіп отырғанына өз алаңдаушылығын білдірді. Еурокомиссия басшысы пікірінше, Ұлыбританияның ішкі нарықтар жөнінде жаңа заң қабылдауы өзара сенімді бұзып, екіжақты сауда келіссөздердің өтуіне жол бермейді.

Марош Шефчович, Еурокомиссияның вице-президенті:

- Ұлыбритания билігінен Еуроодақтан шығу келісімін, оның ішінде Ирландия және Солтүстік Ирландия жөніндегі хаттаманы уақытылы әрі толығымен орындайтынын растауын сұрадым. Келісім бойынша Бірлескен комитеттің кезектен тыс жиналысын тез арада өткізуді ұсындым. Британиялық серіктестеріміз осы заң жобасы бойынша сауалдарымызға жауап беруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы