426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ 1500 қытайлық студентке берілген визаның күшін жоятынын жариялады

  • 155
  • UPD: 10:45, 11.09.2020
АҚШ 1500 қытайлық студентке берілген визаның күшін жоятынын жариялады

АҚШ Мемлекеттік департаменті осы елде жүрген 1 мыңнан астам қытайлық студент пен аспирантқа берілген визаның күшін жоятынын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім ұлттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында қабылданған. Ішкі қауіпсіздік министрлігі бұл Қытайдың студенттік визаларды пайдаланып, құпия зерттеулерді ұрлауын болдырмау үшін қолға алынған.

Айта кетейік, мамырдың 29-ы күні АҚШ президенті Дональд Трамп ресми Бейжіңнің Гонконгтің ұлттық қауіпсіздігі жайлы заң қабылдауына байланысты Қытай азаматтарына виза беруге шектеулер енгізетінін жариялаған. Қытай билігі Вашинготонның мұндай әрекетіне наразылығын танытқан еді.

Хабар 24 телеарнасы