426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Каролина штатында орман өртінен тағы үш адам мерт болды

  • 70
  • UPD: 10:49, 11.09.2020
Солтүстік Каролина штатында орман өртінен тағы үш адам мерт болды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орман өртінен тағы 3 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, аймақта өршіп тұрған апаттан оннан астам адам жан тапсырды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мерт болған екі адамның денесі бір жерде табылған. Екіншісі өз көлігінің ішінен табылды. Айта кетейік, қазір штат аумағына лезде шарпып жатқан орман өрті бірнеше елді мекенге қауіп төндіріп тұр. Апаттан ондаған баспана күлге айналды. Жергілікті билік тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылдап, кей өңірлерде төтенше жағдай режимін жариялады. Тілсіз жаумен мыңдаған маман арпалысып жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына арнайы техника мен тікұшақтар тартылды. Өкінішке орай өрттің өшуіне аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде.

Хабар 24 телеарнасы