426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та орман өрті ырық бермей тұр

  • 108
  • UPD: 10:53, 11.09.2020
АҚШ-та орман өрті ырық бермей тұр фото: usa.one

Апаттан 8 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау ондаған баспана мен көліктерді күлге айналдырды. Қызыл жалын мыңдаған гектар жерді тып-типыл еткен. Өрттен, әсіресе, Орегон мен Калифорния штаттары есеңгіреп қалды. Қазір апаттан келген шығын мөлшері есептелуде. Мамандардың айтуынша, аймақта 100-ге жуық өрт ошағы тіркелген. Штат губернаторы 40 мың адамның эвакуацияланғанын хабарлайды.

Айта кетейік, өрттің тез жайылуына қатты жел себеп. Қазір Орегон штатында тілсіз жауды ауыздықтау үшін 3 мыңға жуық маман жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы