426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың белгілерін анықтауға қабілетті маска шықты

  • 137
  • UPD: 11:44, 11.09.2020
Коронавирустың белгілерін анықтауға қабілетті маска шықты

Сингапур ғалымдары коронавирустық инфекцияның белгілерін анықтайтын маска ойлап тапты, деп хабарлады The Straits Times.

Онда адамның пульсі, дене қызуы, қысым және оттегі деңгейі сияқты маңызды белгілер туралы ақпарат жинайтын датчиктер орнатылған. Әр жарты сағат сайын датчиктер адамның денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жібереді. Ол арқылы дәрігерлер науқастың жағдайын бақылай алады.

Датчиктерді қорғаныс құралдарымен бірге жууға, тіпті бір маскадан екіншісіне ауыстыруға болатындығы атап өтілген.

Қазіргі уақытта аталған масканың бағасы 36 доллардан асады, бірақ ол көптеп өндірілсе, 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы