420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада жол апатынан кемінде бес адам көз жұмды

  • 112
  • UPD: 12:34, 11.09.2020
Украинада жол апатынан кемінде бес адам көз жұмды Autoua.net

Украинаның Киев – Харьков бағытындағы жолда жол-көлік оқиғасынан кемінде бес адам көз жұмып, тағы 20 адам жарақат алған.

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлады.

«Жол апаты таңғы сағат 4 шамасында тасжолдың 47-шақырымында екі жүк көлігі, микроавтобус және жеңіл көліктің қатысуымен болған. Апаттан бес адам қайтыс болып, 20 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алған, солардың ішінде 14-і ауруханаға жеткізілген», – делінген ресми мәліметте.

Полиция анықтағандай, Киевке бара жатқан жүк көлігінің бірі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан қарсы бағытқа шығып кеткен, сөйтіп тағы екі көлікпен соқтығысқан.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен жедел тергеу тобының полицейлері жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы