426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда бір тәулікте 10 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

  • 138
  • UPD: 14:08, 11.09.2020
Францияда бір тәулікте 10 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Францияда коронавирус індеті өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ өлім-жітім көрсеткіші бойынша Еуропа елдері ішінде Ұлыбритания мен Испаниядан кейін үшінші орынға шықты. Жергілікті билік осыған алаңдаулы. Науқастардың басым бөлігі жастар. Енді мамандар қараша айында індеттің екінші толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағады. Ел президенті Эммануэль Макрон болса, тұрғындарды санитарлық нормаларға бей-жай қарамай, барынша сақ болуға шақырып отыр.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Вирустың эвалюциясына бейімделе отырып, індеттің таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Үнемі арақашықтықты сақтап, дағдыларымызды өзгертуге тура келеді. Санитарлық талаптарды сақтауды балаларымызға да үйретуіміз керек. Бұл әлеуметтік тыныс-тіршілігімізді тоқтату деген сөз емес. Тек белгілі бір тәртіпке бағынып, денсаулығымыз үшін абай болуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы