426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде донор болған әскерилер коронавирусқа тегін тест тапсыра алады

  • 105
  • UPD: 14:16, 11.09.2020
Перуде донор болған әскерилер коронавирусқа тегін тест тапсыра алады

Перуде әскери қызметкерлер үшін коронавирусты анықтайтын тегін тест тапсыру мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда шарт бойынша алдымен олар қан орталығына барып, донорлыққа қан тапсыруы керек. Осылайша, ауруханалар қан қорын толықтырмақ.

«Осы акция арқылы ауыр халде жатқан 30 мыңға жуық науқасқа көмек көрсетуге болады», дейді ұйымдастырушылар. Мамандардың айтуынша, коронавирус эпидемиясы басталғалы елде плазма тапшылығы пайда болды. Ал вирус жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, тұрғындар ауруханаларға барудан бас тартып отыр. Айта кетейік, Перу коронавирустан ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Індет жұқтыру дерегі бойынша Латын Америка елдерінің ішінде Перу екінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы