426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санкт-Петербургте ер адамға автомобиль манипуляторы құлады

  • 127
  • UPD: 14:41, 11.09.2020
Санкт-Петербургте ер адамға автомобиль манипуляторы құлады

Санкт-Петербургте қатты желден ағаштар құлап, 25 көлікке зақым келді және екі адам зардап шекті.

Құрылыс алаңында 35 жастағы ер адамға автомобиль манипуляторы құлап, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ал сауда дүңгіршегінің бөлшегі ұшып, 53 жастағы әйелге тиген.

Құтқарушылар ағаштардың құлауына байланысты 313 рет оқиға орнына барды.

Хабар 24 телеарнасы