426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция мен Германия «Мориа» лагеріндегі мигранттарды қабылдайды

  • 141
  • UPD: 22:46, 11.09.2020
Франция мен Германия «Мориа» лагеріндегі мигранттарды қабылдайды

Франция мен Германия екі күн бұрын өрттен тып-типыл жанып кеткен Грекияның «Мориа» лагерінен 400 мигрантты қабылдайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Германия Сыртқы ішкі істер министрі Хорст Зеехофер мәлімдеді. Жалпы лагердегі өрттен 13 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Олардың 4 мыңдайы – бала. Оқиғадан кейін канцлер Ангела Меркель жүздеген босқынды қабылдауға дайын екенін айтты. Еуроодақтың бірқатар елі де осындай мәлімдеме жасады.

Хорст Зеехофер, Германия Ішкі істер министрі:

– Еуроодақ елдерімен келіссөз нәтижесінде тағы он шақты мемлекет мигранттарды қабылдауға келісті. Олар кәмелет жасқа толмағандарды орналастыруға көмектеседі. Мәселеге қатысты өзге де елдермен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Лесбос аралындағы «Мориа» мигранттар лагеріндегі өрттен кейін мыңдаған адам далада қалған. Келімсектер қамыстан уақытша там тұрғызып, күнелтіп жатыр. Аралдан тек 400 бала Грекияның солтүстігіндегі миграциялық орындарға жеткізілді. Ал Афина: «Лагерьді осындағы өмір сүру жағдайы мен карантин режиміне көңілі толмаған мигранттардың өздері жақты», – деп отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы