429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік-Шығыс Азияда вирусты жұқтырғандар 5 млн-нан асты

  • 142
  • UPD: 09:14, 12.09.2020
Оңтүстік-Шығыс Азияда вирусты жұқтырғандар 5 млн-нан асты

Оңтүстік-Шығыс Азияда коронавирустың таралуы қайта күшейе түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта соңғы бір тәулікте вирусты 102 мың адам жұқтырып, науқастар саны 5 миллионнан асты. Осыған байланысты кей елдерде шектеулер қатаңдатылды. Мысалы, Мьянмада дертті жұқтырғандардың күрт өсуінен азаматтардың аймақ арасында жүріп тұруына тыйым салынды. Янгоннан ұшатын барлық ішкі әуе рейстері тоқтатылды. Шектеу қазанның 1-іне дейін созылады. Ал ресми дерекке қарағанда, Мьянмада індет басталғалы дертке 2 мыңнан астам адам шалдығып, 14 науқас қайтыс болған.

Ко Ко Вин, жергілікті тұрғын:

– Егер біз көшеде сақтық тәртібімен жүріп, қолымызды жуып отырсақ, індеттің таралуына тосқауыл қоя аламыз деп ойлаймын. Адамдар барлық талапты орындауға күш салуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы