420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей ІІМ Германияға Навальный ісін тергеуге қатыстыруға өтініш жолдамақ

  • 124
  • UPD: 09:14, 12.09.2020
Ресей ІІМ Германияға Навальный ісін тергеуге қатыстыруға өтініш жолдамақ

Ресей Ішкі істер министрлігі Германия тарапына Алексей Навальныйдың ісін тергеуге қатыстыру туралы қосымша сұрау дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім Берлиндегі «Шарите» ауруханасында жатқан Навальныйдың комадан шығуына байланысты қабылданған. Министрлік неміс билігінен ресейлік тергеушілер мен сарапшылардың іске қатысуын сұрамақ ниетте. Бұған дейін Ресей Бас прокуратурасы да неміс әріптестерінен Навальныйдың улануын зерттеу нәтижелерімен бөлісу туралы сұрау жолдаған. Бірақ құжат тиісті органдарға жетпей, Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Германияның Ресей өтінішіне жауап бермей отырғанын мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы