424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль және Бахрейн дипломатиялық қатынас орнататын болды

  • 128
  • UPD: 11:19, 12.09.2020
Израиль және Бахрейн дипломатиялық қатынас орнататын болды

Израиль және Бахрейн патшалығы өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыз айында Біріккен Араб әмірліктері еврей мемлекетімен мәмілеге келетінін жариялаған болатын. Осы екі елдің бейбіт келісімге қол қою салтанаты қыркүйектің он бесінде Ақ Үйде өтеді. Араб мемлекеттері ондаған жылдар бойы Израильді мойындамай келген. Осы уақытқа дейін еврей мемлекетімен тек Мысыр мен Иордания дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан болатын. Алайда соңғы жылдары Иранға төтеп беру бағытында Израиль мен Парсы шығанағындағы патшалықтар жақындаса бастады. Бұған АҚШ әкімшілігі үлкен үлес қосты. Дональд Трамптың Израиль премьер-министрі және Парсы шығанағындағы мемлекет басшыларымен қарым-қатынасы жақсы екені белгілі.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Тағы бір араб елі – Бахрейнмен бейбіт келісім орнатамыз. Ол Біріккен Араб әмірліктерімен жасасқан тарихи келісім аясында болмақ. Үшінші араб мемлекетімен мәмілеге келу үшін 26 жыл кетті, ал төртінші елмен 29 күнде бітімге келдік. Болашақта олардың саны көбейіп, жаңа бейбітшілік дәуірі басталады.

Хабар 24 телеарнасы