428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода шахтада болған апаттан 50 адам қаза тапты

  • 164
  • UPD: 13:42, 12.09.2020
Конгода шахтада болған апаттан 50 адам қаза тапты

Конго Демократиялық республикасында шахтада болған апаттан 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға елдің шығысындағы алтын кеніш маңында болған. Жергілікті тұрғындар заңсыз шахта қазып, өз бетімен жер астынан алтын іздеген екен. Алайда нөсер жауыннан шахтаның тіректері сынып кетіп, 50 кенші жер астында қамалып қалды. Конгода шахталарда апат жиі тіркеледі. Заңсыз кәсіппен айналысатын адамдардың қажетті құрал-сайманы жоқ, ал шахталардың күмбездері дұрыс бекітілмейді. Былтыр осындай екі апатта 59 адам опат болған еді. 

Хабар 24 телеарнасы