424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция коронавирустан қаза тапқандар саны бойынша Еуропада үшінші орынға шықты

  • 131
  • UPD: 13:42, 12.09.2020
Франция коронавирустан қаза тапқандар саны бойынша Еуропада үшінші орынға шықты

Францияда бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырған он мыңға жуық адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл індет басталғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал осы дерттен құрбан болғандар саны бойынша бұл ел Британия және Италиядан кейін Еуропада үшінші орынға шықты. Жалпы Францияда коронавирустан 30 мыңнан аса адам көз жұмды. Билік өкілдерінің пікірінше, індеттің қайта өршуіне жазғы демалыс кезінде халықтың босаңсуы себеп. Елдің Қауіпсіздік Кеңесі 42 департаментті қызыл аймаққа қосты. Бұл - бүкіл Франция аумағының тең жартысы. Осы санаттағы өңірлердің билігі бұқаралық шараларға тыйым салу және дүкендер мен мекемелердің жұмыс уақытын шектеу сияқты қосымша шаралар қабылдай алады. Қазір елде аптасына шамамаен бір миллион тест алынуда, алайды мұның өзі жеткіліксіз. Үкімет жақын арада санитарлық қызмет саласына тағы екі мың адам тартуға уәде берді. Олар ауруды жұқтырудың әр дерегін жіті тексеріп, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтайды. Сондай-ақ оларды оқшаулау мерзімі 14 күннен бір аптаға дейін қысқарды.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

– Марсель мен Бордо қалаларында және Гваделупа өңірінде ауруды жұқтыру саны күрт артты. Әсіресе егде жастағы кісілердің жағдайы мәз емес. Ауруханаларға жатқызылған науқастар саны да өсіп келеді. Алдағы үш аптада жан сақтау бөлімдеріндегі бос орындар санына болжам жасап, жауапты тұлғалардан вирустың алдын  алу бойынша қосымша шаралар қабылдауын сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы