420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда демалып жүрген британдық туристер жаппай отанына оралуда

  • 126
  • UPD: 15:25, 12.09.2020
Португалияда демалып жүрген британдық туристер жаппай отанына оралуда

Бұған Ұлыбритания үкіметінің бұл елді карантин тізіміне қайта қосу шешімі себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенбі күннен кейін Португалиядан келетін адамдардың түгелі 14 күнге оқшауланатын болды. Үкіметтің бұл үкімі британдық туристердің наразылығын тудырды. Осыдан үш апта бұрын Португалияға саяхаттауға рұқсат берілген еді. Жылы теңізі жоқ Ұлыбритания тұрғындарының біразы осы мүмкіндікті пайдаланып, жергілікті жағажайларға ұмтылған болатын. Португалия кәсіпкерлері де өз ренішін жасырмай отыр. Ұлыбританияда індеттің таралуы әлдеқайда жоғары екенін алға тартып отыр. Елдегі бүкіл жұмыс орындарының 9 проценті туризм саласының үлесінде. Ал пандемияға байланысты ол зор шығынға ұшырады.

БЛИЦ:

– Үйге жоспарланған мерзімнен ерте қайтатын болдық. Билет үшін 600 фунт төледік.

– Жолымыз болып, демалуға үлгердік. Осыдан екі күн бұрын келген адамдар бүгін бізбен бірге ұшып кетеді.

Хабар 24 телеарнасы