426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде жедел жәрдем көлігі минаға ұрынып, алты адам қаза тапты

  • 134
  • UPD: 00:09, 13.09.2020
Малиде жедел жәрдем көлігі минаға ұрынып, алты адам қаза тапты фото: AFP

Малидің оңтүстігінде жедел жәрдем көлігі жолға қойылған минаға ұрынып, алты адам қаза тапқан.

Бұл туралы Қазақпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомоство өкілінің мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем автомобилі Йоросо қаласына аяғы ауыр әйелді әкеле жатқан.

Көлікте болған алты жолаушының бәрі де опат болды.

Болған оқиға үшін жауаптылар әзірге анықталған жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы