420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда кейбір мектептер жабылды

  • 105
  • UPD: 11:39, 13.09.2020

Германияда коронавирусты жұқтыру саны күрт артып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте 1630 науқас анықталды. Індет босқындар тұратын жатақханаларға да тарап кеткен. Салдарынан екі баспана карантинге жабылды.

Елде оқу жылы әдеттегі жоспар бойынша басталды. Алайда коронавирус тіркелгеннен кейін үш өңірде бірнеше мектепті жабуға тура келді. Мәселен, Фрайштадт қаласының оқу орындарының бірінде дертті 44 мұғалім мен 66 оқушы жұқтырып алды. Осыдан кейін 1000-нан аса оқушыны карантинге жіберді.

Билік өкілдері тұрғындарды маска тағып, арақашықтық сақтауға шақырып отыр. Алайда полицияның мәліметінше, күн сайын қоғамдық көлікпен қатынайтын 4 мыңдай адам бетпердесіз жүреді екен. Заң бойынша оларға 250 еуро көлемінде айыпұл салынады.

Франк, Франкфурт қаласының тұрғыны:

– Әрине, қауіп бар екенін түсінемін. Дегенмен көшеге шығудан қорықпаймын. Ауа райы жақсы болып тұрғанда достарыммен таза ауада кездесеміз. Бірақ арақашықтықты сақтауды ұмытпаймыз.

Алекс, Франкфурт қаласының тұрғыны:

– Халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүруге тырысамын. Бірақ ережені елемейтін адамдарды көп байқаймын. Олар ойын-сауық кештерін ұйымдастырып, шектеу шараларына қарсы шерулерге шығып жүр. Мұны бейбастақ қылық деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы