424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «сары жейделілердің» наразылық шеруі қайта жалғасты

  • 142
  • UPD: 13:40, 13.09.2020
Францияда «сары жейделілердің» наразылық шеруі қайта жалғасты

Францияда ұзақ үзілістен кейін «сары жейделілер» қозғалысының наразылық шеруі қайта жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Париж бен өзге қалалардың көшелеріне мыңдаған адам шықты. Шеру барысында ереуілшілер полициямен қақтығысып қалды.

Тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, 300-дей адамды қамауға алды. Жалпы бүкіл ел аумағында шеруге 6 мыңдай адам шыққан екен. Сондай-ақ Франция ішкі істер министрлігі бұзақылар екі автокөлікті өртеп жібергенін хабарлады.

Еске сала кетсек, «сары жейделілер» қозғалысы 2018 жылдың қараша айында пайда болған. Сол кезде жанар-жағар майдың қымбаттауына наразы жүздеген мың адам апта сайын наразылық шеруге шықты.

Хабар 24 телеарнасы