426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анкарадағы құмды дауылдан алты адам жарақат алды

  • 172
  • UPD: 13:40, 13.09.2020
Анкарадағы құмды дауылдан алты адам жарақат алды

Түркия астанасы Анкарада құмды дауыл соғып, салдарынан 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осыған байланысты елдің метеорологиялық басқармасы қоғамдық қауіптің сары деңгейін жариялады.

Шаң-тозаңнан әп сәтте қара түнек орнаған. Желдің жылдамдығы сағатына 50-55 шақырымға жетіп, дауыл шамамен 2,5 сағатқа созылды.

Дегенмен, табиғаттың тосын мінезінен аймаққа айтарлықтай шығын келген жоқ. Тек бірқатар тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен. Синоптиктер демалыс күндері Анадолы аймағында құмды дауыл мен жауын-шашын болады деп ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы