429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде 276 босқыны бар кеме кіретін айлақ таба алмай жүр

  • 102
  • UPD: 09:09, 14.09.2020
Жерорта теңізінде 276 босқыны бар кеме кіретін айлақ таба алмай жүр

Испаниялық Open Arms кемесі 8 қыркүйекте шағын қайыққа мінген 83 адамды құтқарып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол кезден бастап қайда барарын білмей әлек. Ешбір ел босқындарды қабылдағысы келмейді. Ең жақын орналасқан Италия айлақтары коронавирусқа қатысты шектеулерді алға тартып, өз аумағына жібермей отыр. Осы кезде кеме тағы екі құтқару операциясына қатысып, 193 босқынды ажалдан сақтап қалды. БҰҰ-ның мәліметінше, 2014 жылдан бері Жерорта теңізінде 18 мыңнан аса адам суға кеткен. Мигранттардың заңсыз тасымалымен айналысатын Ливиядағы қылмыстық топтарға қарсы күрес күшейтілгеннен кейін Еуропаға жетуге тырысқан босқындар саны азайған еді. Алайда биыл бұл мәселе қайта ушығып кетті.

Хабар 24 телеарнасы