421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде бір тәулікте 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

  • 84
  • UPD: 09:47, 14.09.2020
Әлемде бір тәулікте 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды фото: GlobalLookPress

Әлемде соңғы бір күн ішінде коронавирусты 308 мыңға жуық адам жұқтырып, антирекорд орнады.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Бұл – індет алғаш таралғаннан бергі бір күндік ең жоғарғы көрсеткіш. Соңғы рет антирекорд бір апта бұрын орнаған еді. Ол кезде бір күнде вирус 306 мыңнан астам адамнан анықталған. Ал ресми ақпарға қарағанда, дүниежүзінде COVID-19 дертіне шалдыққандар саны 28 миллион 600 мыңнан асқан. 917 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Вирусты жұқтырғандардың көбі Солтүстік пен Оңтүстік Америкада. Мұнда науқастардың қарасы 15 миллионға жуықтап қалған. Одан кейінгі орында Оңтүстік-шығыс Азия мен Еуропа. Оңтүстік-шығыс Азияда кеселді 5,5 милионға жуық адам жұқтырса, Кәрі құрлықта науқастардың қарасы 5 миллионға таяған. 

 

Хабар 24 телеарнасы