426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 6,5 миллионнан асты

  • 103
  • UPD: 09:45, 14.09.2020
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 6,5 миллионнан асты

Елде күн сайын COVID-19 диагнозымен 40 мыңнан астам адам тіркелуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерттен тәулігіне 1 мыңға жуық адам көз жұмып, кеселден қайтыс болғандардың жалпы саны 200 мыңға жуықтады. Осыған қарамастан, бүгіннен бастап АҚШ әуежайларында індет көп тараған елдерден келген жолаушыларды коронавирусқа қарсы тексеру тоқтатылады. Себебі, мұндай тексерістің шығыны шаш етектен, ал тиімділігі төмен екен. Оның орнына індет туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарға ден қойылмақ.

Хабар 24 телеарнасы