420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда тәліптердің шабуылынан тоғыз адам қаза тапты

  • 88
  • UPD: 10:37, 14.09.2020
Ауғанстанда тәліптердің шабуылынан тоғыз адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында тәліптердің шабуылынан бес полиция қызметкері мен «Талибан» радикал қозғалысының төрт жақтаушысы қаза тапты.

Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

Жексенбі күні таңертең бір топ содыр провинцияның әкімшілік орталығы Кундуз қаласының сыртындағы бақылау бекетіне шабуыл жасаған. Қақтығыс кезінде бес полиция қызметкері, сондай-ақ төрт содыр қаза тапты. Қауіпсіздік күштері қалған қарулы адамдарды табу операциясын бастады.

Хабар 24 телеарнасы