429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Джерси штатында сауық кешіндегі атыстан екі адам қаза тапты

  • 124
  • UPD: 14:08, 14.09.2020
Нью-Джерси штатында сауық кешіндегі атыстан екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында атыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 6 кісі жарақат алды. Оқиға Нью-Брансуик қаласындағы Ратгерс университетінің жанында, сауық кешінде болған куәгерлердің айтуынша, алдымен үйден адамдардың айғайы естіліп, содан кейін оқ атылған. Оқиға орнына жеткен полиция жараланған 8 адамды көріп, дереу жедел жәрдем шақырады. Бірақ екі кісі ауруханада қаза табады. Қазір қылмыскер іздестіріліп жатыр. Полиция университет студенттерінің оқиғаға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы