420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 млн адамнан асты

  • 93
  • UPD: 14:30, 14.09.2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 млн адамнан асты regnum.ru

Эпидемия басталғалы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 006 033 адамға жетті.

Бұған АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің мәліметі дәлел. Ал вирустан жазылғандар саны 19 625 959 адамға жетті.

CoViD-19 расталғандар саны бойынша АҚШ көш басында тұр – 6 519 979 адам. Екінші орында – Үндістан. Мұнда 4 846 427 адамнан вирус анықталған. Үштікті Бразилия қорытындылайды – 4 330 455.

Кеселден жазылғандар саны жөнінен Үндістан бірінші орында (3 780 107), екінші орында – Бразилия (3 723 206), үштікті АҚШ түйіндеп тұр (2 451 406).

Хабар 24 телеарнасы