426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Непалда көшкіннен 12 адам қаза тапты

  • 64
  • UPD: 14:34, 14.09.2020
Непалда көшкіннен 12 адам қаза тапты

Непалда жер көшкінін тудырған қатты жаңбырдан 12 адам қаза тапты.

Тағы 21 адам жоғалып кетті, деп хабарлады Reuters жергілікті билікке сілтеме жасап.

«Қытайдың Тибет аймағымен шекаралас Катмандудан шығысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан Барахбистегі үйлерді қиратқан көшкіннен кейін 10 адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз жоғалып кетті», - деді үкімет өкілі Мурари Васти.

Оның айтуынша, Непалдың солтүстік-батысындағы Баглунг ауылында көшкін салдарынан тағы екі адам қаза тапқан. Екі көшкін де таң сәріде болғандықтан, адамдар қауіпсіз жерге көшіп үлгермеген.

Қазір құтқарушылар жоғалып кеткен тұрғындарды іздеуде.

Непал үкіметінің мәліметі бойынша, муссон маусымы кезінде маусым-қыркүйек айларында 314 адам қаза болды. Кем дегенде тағы 111 непалдық із-түзсіз жоғалып, 160 адам жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы