424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде 2024 жылдың соңына дейін COVID-19 вакцинасының тапшылығы болуы мүмкін – сарапшы

  • 100
  • UPD: 15:02, 14.09.2020
Әлемде 2024 жылдың соңына дейін COVID-19 вакцинасының тапшылығы болуы мүмкін – сарапшы

COVID-19-ға қарсы вакцинаның тапшылығы әлемде кем дегенде 2024 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Бұл туралы әлемдегі ең ірі вакцина шығаратын компаниялардың бірі Үндістанның Сарысу институтының басшысы Адар Пунавалла айтты, деп жазды ria.ru.

«Планетадағы барлық адамның вакцина алуы үшін төрт-бес жыл қажет», - деді Пунавалла.

Сондай-ақ ол барлық адамды вакцинациялау үшін 15 млрд доза вакцина қажет екендігін айтты.

«Әлем бұл жағдайға оптимистік көзқараспен қарағысы келітінін білемін. Бірақ мен дәл қазір сол деңгейге жақындаған ешкімді естіген жоқпын», - деді сарапшы.

Үндістанның Сарысу институты көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен вакцина өндірушісі болып табылады, компания 170-тен астам ел үшін жыл сайын 1,5 млрд доза вакцина шығарады.

Хабар 24 телеарнасы