420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезия астанасында қатаң шектеу шаралары күшіне енді

  • 60
  • UPD: 15:29, 14.09.2020
Индонезия астанасында қатаң шектеу шаралары күшіне енді

Индонезия астанасы Джакартада өткен аптада жарияланған қатаң шектеу шаралары күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тәртіпке сәйкес бүгіннен бастап барлық ойын-сауық орталықтары мен діни орындар жабылып, көптеген кәсіпорын қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірді. Қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, көшеде 5 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Ресми дерек бойынша Индонезияда вирусты жұқтырғандар саны 218 мыңнан асқан. Оның 54 мыңы Джакартада анықталған.

Хабар 24 телеарнасы