426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада COVID-19-дан болатын өлім жағдайлары қазан-қарашада көбейеді – ДДСҰ

  • 120
  • UPD: 15:34, 14.09.2020
Еуропада COVID-19-дан болатын өлім жағдайлары қазан-қарашада көбейеді – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада қазан мен қараша айларында коронавирустан болатын өлім жағдайларының көбейетінін болжады.

Бұл туралы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге айтты, деп хабарлады France-Presse.

«Жағдай күрделене түседі. Қазан, қараша айларында біз өлім-жітімнің жоғарылауын көреміз», - деді Клюге.

Өлім санының көбейуі Еуропада эпидемияның жаңа толқынына байланысты болмақ.

Хабар 24 телеарнасы