428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Әлемде жаппай карантин қайта енгізілуі мүмкін

  • 138
  • UPD: 17:13, 14.09.2020
ДДСҰ: Әлемде жаппай карантин қайта енгізілуі мүмкін

Әлемде коронавирустың жаппай таралуын тежеу үшін қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Женевада өткен Еуропалық бюро отырысында ол күн сайын қауіпті індет жұқтыратындар саны наурыз айындағы көрсеткіштен асып түскенін айтты.

«Сондықтан әлем экономикасы үшін оңайға соқпаған карантинді қайта енгізу қаупі туындады», – дейді ұйым басшысы.

Айта кетейік, онлайн форматта өткен жиынға еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да қатысып, Еуропалық өңірлік комитеті 70-ші сессиясының төрағасы болып сайланды. Отырыс барысында Еуропаның 2025 жылға дейінгі жаңа денсаулық сақтау бағдарламасы мен пандемиямен күрес шаралары талқыланды.

Тедрос Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:

– Қазір күн сайын коронавирус жұқтырғандардың саны артып, наурыз айындағыдан асып түсті. Дегенмен, өлім көрсеткіші төмендеді. Бірақ біз үшін коронавирустың әр құрбаны жайлы хабар – үлкен қайғы. Егер вирустың таралуын тежемесек, жағдай тіптен қиындай түседі. Әлемдік экономиканы әлсіреткен жаппай карантиндік шараларды қайта енгізуге мәжбүр боламыз.

Хабар 24 телеарнасы