420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шолпан планетасында тіршілік болуы мүмкін: ғалымдар күтпеген жаңалық ашты

  • 159
  • UPD: 17:32, 14.09.2020
Шолпан планетасында тіршілік болуы мүмкін: ғалымдар күтпеген жаңалық ашты

Шолпан планетасынан тірі ағзалардың тіршілік етуіне мүмкіндік тудыратын фосфин заты табылды.

Astrobiology.com хабарлағандай, планета атмосферасындағы фосфин бұрын белгісіз болған күрделі химиялық процестердің бар екендігін көрсетеді.

Бұл молекула планетадан Чили тауларындағы ALMA радиообсерваториясы және Гавайдағы Джеймс Кларк Максвелл инфрақызыл телескопы көмегімен анықталды. Зерттеуге Манчестер университетінің, Кардифф университетінің және Массачусетс технологиялық институтының астрономдары қатысты.

Ғалымдардың көпшілігі жоғары температура мен қысымға, сондай-ақ атмосфераның химиялық құрамына байланысты Шолпан тіршілікке жарамсыз деп санайды.

Фосфин Шолпан атмосферасының кейбір ғалымдар микроорганизмдер тіршілік етуі мүмкін екендігін болжаған қабаттарынан табылды.

Хабар 24 телеарнасы