426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда премьер-министрлікке үміткер анықталды

  • 125
  • UPD: 17:19, 14.09.2020
Жапонияда премьер-министрлікке үміткер анықталды

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихиде Суга елдегі басқарушы либерал-демократиялық партияның төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ол 16 қыркүйекте премьер-министр қызметіне тағайындалады деп күтілуде. Өйткені осы либерал-демократиялық партия парламенттің төменгі палатасында басымдыққа ие. Сондықтан жаңа премьер-министр лауазымына партия төрағасының кандидатурасы бекітілуі тиіс.

Айта кеткен жөн, 2012 жылдан бері үкіметті басқарған Синдзо Абэ жуырда денсаулығына байланысты отставкаға кететінін жария етті. Енді 71 жастағы Ёсихиде: «Суга Абэнің ұстанған бағытын жалғастырамын», – деп отыр. Алайда кей сарапшылардың айтуынша, оның сыртқы саясатта тәжірибесі аз.

Ёсихидэ Суга, либерал-демократиялық партияның төрағасы:

– Біз қазіргі дағдарысты еңсеріп шығуға тиіспіз. Сонда ғана Жапонияның әрбір тұрғыны өзін қауіпсіз сезіне алады. Ал ол үшін біз Синдзо Абэнің ұстанған бағытын жалғастырып, алға басамыз.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

– Соңғы 8 жылда ауыз толтырып айтарлықтай көп шаруа атқардық. Енді жаңа басшы да аянбай еңбек етеді деп сенемін. Ёсихиде Суга жаңа үкімет басшысы лауазымына ең лайықты тұлға деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы