421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда медицина қызметкерлері ереуілге шықты

  • 48
  • UPD: 10:52, 15.09.2020

Бельгияның Брюссель қаласында медицина қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар денсаулық сақтау саласына көңілдері толмай, жергілікті биліктің жұмысына наразы.

Коронавирус пандемиясы кезінде төмен жалақы, қорғану құралдары мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі жағдайды одан бетер ушықтырып отыр дейді олар. Елде індетті анықтайтын тест тапшылығы да бар. Ереуіл ұйымдастырушыларының айтуынша, коронавирус пандемиясы медицинаның осал тұсын көрсетті. Айта кетейік, шілде айының ортасынан бері аймақта тіркелген науқастар саны күрт өсе бастады. Бүгінде бір тәулікте 900-ден астам адамға диагноз қойылуда. Ал пандемия басталғалы бұл кеселден 9 мыңнан астам адам көз жұмды.

Мари-Стелла, медбике:

- Брюссельге жалақымыздың көтерілуін және жұмысымызға құрметпен қарауды талап ету үшін келдік. Жалақымыз 1994 жылдан бері өзгерген жоқ.

Авторы: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы