428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда 6700 гектар аумақ өртеніп кетті

  • 124
  • UPD: 09:50, 15.09.2020
Испанияда 6700 гектар аумақ өртеніп кетті

Испанияның солтүстік-батысындағы Галисия аймағында орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын 6 жарым мың гектардан аса аумақты шарпыған. Тілсіз жау 3 провинцияда өршіп тұр. Соның ішінде Оренсе қаласы қатты зардап шеккен. Мұнда 11 өрт ошағы тіркелген. Көз жұмғандар мен жарақат алғандар жайлы мәлімет жоқ. Дегенмен жүздеген адам эвакуацияланды. Отты ауыздықтауға 100-ден аса техника жұмылдырылған.

жергілікті тұрғын:

– Айналаның бәрі түтінге оранды. Мұндайды алғаш көруім. Үйдің есігін жауып, сыртқа шықтық. Қатты қорқып кеттік. Құтқарушылар бізді эвакуациялады.

Хабар 24 телеарнасы