420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда жаңа оқу жылы басталды

  • 85
  • UPD: 09:50, 15.09.2020
Италияда жаңа оқу жылы басталды

Сөйтіп 20 өңірдің 13-інде мектептер ашылып, 5 жарым миллионнан аса бала партаға қайта отырды.

Қалған өңірлердегі сабақ бір аптадан кейін басталады. Өйткені мұнда орын жетіспей жатыр. Оның үстіне коронавируспен күрес шараларына ақша аз бөлінген. Сонымен қоса мұғалім тапшы. Билік сыныптар санын көбейткендіктен, қазір 85 мың ұстаздың жетіспейтінін хабарлайды. Ол аздай, сабақ басталмай тұрып, мұғалімдердің жартысы коронавирусқа тест тапсырған. Солардың 2 жарым процентінде оң нәтиже көрсетсе керек. Айта кеткен жөн, Италия мектептері 6 наурызда жабылып қалған болатын. Жазғы демалысқа дейін балалар қашықтан оқыған.  

Хабар 24 телеарнасы