429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынды

  • 74
  • UPD: 11:09, 15.09.2020
Британияда 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынды

Ұлыбританияда індеттің күшеюіне байланысты адамдардың топтап жиналуына шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұманды Альбионда енді 6 адамнан артық басқосуға болмайды. Тәртіп тек ғимарат ішінде ғана емес, көшедегі кездесулерге де қатысты. Шектеуді бұзған азаматтарға 100 фунт айыппұл салынбақ. Ал талапты екінші қайта бұзған адам 3 мың 200 фунт стерлинг төлеуі мүмкін. Бірақ полиция бастапқы кезде адамдарға бірден айыппұл салмай, тек түсіндірме жұмыс жүргізіп, ескертумен шектелетінін айтады. Себебі жаңа тәртіпті қолдану қиындық туғызуы мүмкін деп отыр.

Дэниель Гавага, жергілікті тұрғын:

– Бұл ақылға қонымсыз. Мысалы, метро мен пойыздарда 6 адам жүрмейді. Онда 20-30 адам болса, бұл тәртіпті қалай сақтауымыз керек. Сондықтан ереженің түсініксіз тұстары көп дер едім.

Хабар 24 телеарнасы