421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: әлемдегі ахуал

  • 95
  • UPD: 11:09, 15.09.2020
COVID-19: әлемдегі ахуал

Әлемде соңғы бір күнде коронавирусты тағы 300 мыңнан астам адам жұқтырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің таралуы, әсіресе, Үндістан, АҚШ және Бразилия елдерінде кеңінен таралуда. Үндістанда соңғы бір тәулікте 94 мыңнан астам тұрғын дертке шалдықса, АҚШ-та вирус 45 мыңнан аса азаматтан анықталды. Бразилияда қауіпті кеселді 43 мың адам жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жағдай жуық арада жақсара қоймайтынын айтады. Мамандар Еуропада қазан және қараша айларында қайтыс болғандардың қарасы артуы мүмкін деп отыр. Кәрі құрлықта індеттің таралуы бойынша Испания мен Франция алда келеді. Испанияда вирусты жұқтырғандар 600 мыңға таяп қалса, Францияда 400 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы