426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссель әуежайында коронавирусқа тегін тексеру орталығы ашылды

  • 92
  • UPD: 13:22, 15.09.2020
Брюссель әуежайында коронавирусқа тегін тексеру орталығы ашылды

Бельгияда коронавирусты жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты Брюссель әуежайында жолаушыларды коронавирусқа тегін тексеру орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді індет ең көп таралған елдерден келген азаматтар ұшақтан түсе салысымен тест тапсыра алады. Тәртіп Еуроодақ пен Шенген аймағынан тыс мемлекеттерден ұшып келген жолаушылар үшін міндетті. Және олар 2 аптаға оқшаулану режимін орындауы тиіс. Бұл үшін жолаушылар арнайы қағаз толтыруы керек.

Арно Фейст, Брюссель әуежайының бас директоры:

- Бастапқыда әуежайға келген жолаушыларға тестен өз еркімен өтуіне мүмкіндік беріледі. Оның қорытындысы тез дайындалады. Ал екінші кезеңде өзге елдерге баратын азаматтар да тексеруден өте алатын болады.

Кристин Бутон, жолаушы:

- Әуежайда тегін тест тапсыру өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Егер бұл жерде тексерістен өтпесек, көшеге шығу үшін дәрігерге барып тест тапсыру керек болар еді.

Хабар 24 телеарнасы