424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаның өзге елдеріне өтуге рұқсат берсін – Грекиядағы босқындар

  • 101
Еуропаның өзге елдеріне өтуге рұқсат берсін – Грекиядағы босқындар

Грекияның Лесбос аралында жүздеген мигрант шеруге шығып, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Босқындар жергілікті биліктен Еуропаның өзге елдеріне өтуге рұқсат беруін талап етуде.

Сондай-ақ олар полицияның қатыгез іс-әрекеттеріне шағымданып, Еуроодақтан құқықтарын қорғауды сұрауда.

Еске сала кетейік, өткен сейсенбіде осы аралдағы «Мориа» мигранттар лагері өртеніп, 12 мыңнан астам босқын далада қалған. Жергілікті билік тез арада жаңа шатырлы қалашық салғанмен, мигранттардың көбі оған баруға қарсы. Жаңа орынға тек 800 адам қоныстанған. Ал Еурокомиссия одақтың жаңа миграциялық бағдарламасы тек қыркүйектің 23-і күні дайын болатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы