426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент отырысы Брюссельде өтетін болды

  • 89
Еуропарламент отырысы Брюссельде өтетін болды

Еуропарламенттің осы аптада Страсбургте өтуі тиіс пленарлық отырысы Брюсссельге ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Францияның Эльзас аймағында індетпен байланысты жағдайдың нашарлауы себеп. Жақында жергілікті билік Страсбург қаласында дерттің таралуының күшеюінен шаһарды «қызыл аймаққа» кіргізген. Ал Еуроодақтың заң шығарушы органының басшылығы жиыннан кейін Брюссельге оралса, 2 апта карантинге жабылар еді.

Еске сала кетейік, Еуропарламент отырысы наурыз айында да коронавирустан Страсбургте өтпей қалған. Жергілікті билік індетпен ахуал жақсарып, еуродепутаттардың Эльзас орталығына қайта оралатынына сенім артып отыр.

Хабар 24 телеарнасы