424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның қашан шығатыны белгілі болды

  • 175
  • UPD: 17:40, 15.09.2020
Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның қашан шығатыны белгілі болды

Қытайда жасалған коронавирусқа қарсы COVID-19 вакциналары алдағы айларда қолжетімді болуы мүмкін.

Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының биоқауіпсіздік жөніндегі бас сарапшысы У Гуйчжэнь вакцинаның шығатын болжамды уақытын атады, деп хабарлады «Интерфакс».

Сарапшының айтуынша, клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі сәтті өтті, сондықтан препарат қараша немесе желтоқсан айларында көпшілікке қолжетімді болуы мүмкін.

Соңғы мәліметтерге сәйкес COVID-19-ға қарсы төрт қытай вакцинасы клиникалық зерттеулердің соңғы сатысында тұр.

Хабар 24 телеарнасы