421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанның көмір кен орнында лай көшкіні жүрді

  • 112
Қырғызстанның көмір кен орнында лай көшкіні жүрді

Қырғызстанның Кара-Кече көмір кен орнында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәлімет бойынша 2 миллион текше метрден аса лай-батпақ жүрген.

Лай көшкіні өзен арнасына сырғып, жолдарды жауып тастаған. Электр сымдарын үзген. Абырой болғанда, құрбандар мен жапа шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Төтенше жағдайдан келтірілген материалдық шығын көлемі әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, лай көшкіні әлі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы