421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үйде тарихи келісімдерге қол қойылды

  • 89
  • UPD: 08:53, 16.09.2020
Ақ үйде тарихи келісімдерге қол қойылды

Израиль Біріккен Араб әмірліктері және Бахрейнмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Араб мемлекеттері ондаған жылдар бойы Израильді мойындамай келген. Осы уақытқа дейін еврей мемлекетімен тек Мысыр мен Иордания дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан болатын. Алайда соңғы жылдары Иранға төтеп беру бағытында Израиль мен Парсы шығанағындағы патшалықтар жақындаса бастады. Бұған АҚШ әкімшілігі үлкен үлес қосты.

Дональд Трамптың Израиль премьер-министрі және Парсы шығанағындағы мемлекет басшыларымен қарым-қатынасы жақсы екені белгілі. Дональд Трамп жақын арада тағы да 5 араб мемлекеті Израильмен келісімге келетінін мәлімдеді. Қол қою салтанатына шақырылған қонақтар арасында Оман және Судан өкілдері болған. Осы елдер еврей мемлекетімен арақатынасын реттейтін келесі мемлекеттер болуы мүмкін.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Бұл келісімдер аймақтағы елдер арасындағы қарым-қатынастың жаңа белеске көтеріліп жатқанын көрсетеді. Бүгінгі келісімшарт тарихтың жаңа бетін ашады. Жақын арада өзге елдер де осы ынтымақ жолын таңдайды деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы