424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та орман өрті 2 млн гектарды шарпыды

  • 77
  • UPD: 09:45, 16.09.2020
АҚШ-та орман өрті 2 млн гектарды шарпыды

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті ырық берер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

36 адамның көз жұмғаны белгілі. Тілсіз жау 2 млн гектарға жуық аумақты шарпыған. Калифорнияға барған Дональд Трамп жергілікті билікті алдын алу жұмыстарын тиімсіз жүргізгені үшін сынға алды. Жалпы орман өрті Калифорниядан бөлек АҚШ-тың Вашингтон және Орегон штаттарында да өршіп тұр. Қазір ірі қалаларды түтін тұмшалаған. Ғалымдар: «Аптаның соңына дейін түтін Еуропаға дейін жетуі мүмкін», – деп ескертіп отыр.

Джон Матэни, жергілікті тұрғын:

– Бірнеше күн бұрын ғана шығыс өңірлер өртеніп жатқан еді. Алайда қысқа ғана уақыт ішінде от бізге де жетті. Негізі желмен келді дейтіндей қатты жел де жоқ. Бірнеше күнде жағдайдың осылай ушығып кеткеніне таңғалып отырмын.

Орман өрті Оңтүстік Америкада да өршіп тұр. Елдің оңтүстік-батысында төтенше жағдай жариялады. Ол 90 күнге созылады. Пантанал шұңғымасында 1,5 млн гектар аумақтағы өсімдіктер өртеніп кеткен. Сондай-ақ тілсіз жау кесірінен 200 жабайы мысық өлген.

Хабар 24 телеарнасы